Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Костенко шахтасында 11 кенші қаза болды

Костенко шахтасында 11 кенші қаза болды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты. Өкінішке қарай, апат кезінде 11 кенші көз жұмып, 18 адам түрлі жарақат бойынша ауруханаға жеткізілді.

Өрт кезінде шахтада 252 адам болған. 203 кенші шығарылды. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника және 3 психолог жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаза болған кеншілердің жақындарына көңіл айтып, көмек көрсетілетінін жазды.

Жедел штаб құрылды. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

egemen.kz
28 қазан 2023 ж. 3 796 0