Бельгияда әйелдің үстіне 20 метрлік шырша құлап, қаза тапты

Сурет РИА новости порталынан
Ағаштың құлауы салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың бірі кейін ауруханада көз жұмды. Қала мэрі Марник де Мелеместер түсіндіргендей, ағаш қатты желдің салдарынан опырылып құлаған.
Оқиғадан кейін қала билігі жаңа жылдық жәрмеңкені жауып тастады. Тергеу жүріп жатыр.
(Сурет ашық дереккөзден)