Арменияда мектеп автобусы жыраға құлап, мұғалім қаза тапты
Арменияның Синюк ауданында мектеп автобусы жарға құлап, бір адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Арменпресс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Зардап шеккен 24 адам (9 мектеп қызметкері мен 15 оқушы) Капан қаласының медициналық орталығына жеткізілді.
Оқиға салдарынан 1970 жылғы мұғалім ауруханада қайтыс болды.
10 наурыз күні сағат 14:20-да Синюк өңірлік дағдарысты басқару орталығына Капан-Норашеник тасжолында автобус жыраға құлап , құтқарушылар көмегі қажет екені туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетті.
Анықталғандай, Капан-Норашеник тасжолының 16-шы шақырымында Охтар ауылындағы орта мектептің оқушылары мен қызметкерлері отырған «ПАЗ» автобусы жол жиегінен шығып кетіп, биіктігі шамамен 5 метрге жететін көпірден Ачанан өзеніне құлап кеткен.