Түркияда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

"Автобус жүргізушісі басқаруды игере алмай Диярбақыр-Бисмил тасжолындағы Ювачик ауылының маңында апатқа ұшырады. Жолаушылар көлігі құзға құлаған. Оқиға орнына полиция, жандармерия, денсаулық сақтау қызметкерлері және ТЖМ мен өрт сөндірушілер аттанған", - делінген басылым мақаласында.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 адам зардап шеккен. Кейбір жолаушылар аударылған автобустан өздігінен шыққан.