Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 25 пәтерге түскен ұры ұсталды

Қызылорда облысында 25 пәтерге түскен ұры ұсталды

Қызылорда облысында полицейлер 25 мәрте пәтер ұрлығын жасаған ұрыны ұстады. Ол жәбірленушілерге 19 млн теңге материалдық шығын келтірген.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде ұрлықты кәсіп еткен жігіт Жаңақорған ауданында қылмыс үстінде қолға түсті.

«Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кірген. Ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Күдікті Түркістан облысы Қазығұрт ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Одан жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге айғақ заттар дәлел ретінде алынған.

«Тергеу барысында аталған күдікті облыс аумағында 25 пәтерге ұрлыққа түскені белгілі болды. Жәбірленушілерге 19 млн теңге материалдық шығын келтірген. Күдіктінің облыс көлемінде жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда. Күдікті қамауға алынды», - деп толықтырды департаменттен.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: mail.kz
17 қаңтар 2024 ж. 2 598 0