Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотталушыға жақыны ішімдік әкелген

Сотталушыға жақыны ішімдік әкелген

Қызылорда қаласында 9 жылға бас бостындығынан айырылған жазасын өтеушіге тәтті сусынның ыдысына ішімдік құйып әкелген деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің №1 бақылап өткізу бекетінде ҚР КҚ-нің 106-бабының 3-бөлігімен жазасын өтеушіге ұзақ мерзімді кездесуге жақындары алып келген сәлем-сауқатты тексеру барысында «Макси чай» сусынының ішіне спиртті ішімдік құйып алғаны мәлім болды.

Орын алған әрекет бойынша Н. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды, – деді мекеменің жедел бөлімінің жедел уәкілі С.Омаров.

Ақпарат көзі: massaget.kz
31 қаңтар 2024 ж. 2 417 0