Павлодар облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты
«Шарбақтыдағы жол-көлік оқиғасы 9.20-да болды. Жедел жәрдем үш минутта — 9.23-те барды», — деп мәлім етті Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Оның айтуынша, теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соқтығысқан.
«Зардап шегуші — 1975 жылы туған Шарбақты тұрғыны. Ол «Шығыс жолдары» ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істейді. Диагнозы: көкірек қуысы жарақаты, жабық бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалуы», — деді Эльмира Темірғалиева. Ол Шарбақты аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.