Қызылордада шұңқырға түсіп кеткен жылқы құтқарылды
Қызылорда облысында жылқысы шұңқырға түсіп кеткен тұрғын құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, құтқарушылар жылқыны шұңқырдан аман алып шығарды.
«23 наурыз күні Қызылорда қаласының «ПМК-29» саяжайындағы «Керуен» демалыс орны маңындағы арыққа жылқы құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, құтқару арқанын пайдаланып, жылқыны арықтан алып шықты. Жылқы иесі құтқарушыларға алғысын білдірді. Бізге әрбір өмір маңызды!»,-делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: kaz.zakon.kz