Қызылордада есігі жабық пәтерде инсульт алған қарт әжей құтқарылды

Жергілікті «112» нөміріне сол пәтердің тұрғыны қария есік ашпай жатқанын хабарлады. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Жоғары қабат арқылы терезеден үй ішіне енген олар әжейдің ес-түссіз жатқанын көрді.
«Құтқарушылар науқасқа алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін жедел жәрдем қызметіне табыстады. Дәрігерлердің анықтауынша, науқас инсульт алған. Бұл шараға 4 құтқарушы, бір мейірбике қатысты», -деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі.