Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен кәсіпкер өлі күйінде табылды

Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен кәсіпкер өлі күйінде табылды

Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен кәсіпкер өлі күйінде табылды.

Бұл туралы ақпарат Инстаграмның Zello.poiskпарақшасында жарияланды.
“Кәсіпкер өлі күйінде табылды. Отбасына қайғырып, көңіл айтамыз. Кәсіпкерді  Zello.poisk командасы тапты”, – деп жазылған ақпаратта.
Одан өзге ақпарат жарияланған жоқ. Кәсіпкер Кенжебай Алдашев бірнеше апта бойы іздеуде болды. Оны полицейлер мен құтқарушылар, туыстары мен еріктілер, ауыл тұрғындары жаппай іздеді.
Кәсіпкер жоғалған күні бауырына хабарласып, өзініңшұңқырға түсіп кеткенін айтқан. Құтқарушыларға да осы көзді айтып хабарласқан. Алайда бірнеше апта бойы ол мекен-жайдан табылған жоқ еді.
Stan.kz
05 желтоқсан 2018 ж. 922 0