Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда тұрғыны суретке түсу үшін дулыға киіп, шеше алмай қалған

Қызылорда тұрғыны суретке түсу үшін дулыға киіп, шеше алмай қалған

Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматқа зиян келтірмей, дулығаны шеше алды

Қызылордалық құтқарушылар азаматтың басынан темір дулығаны шешіп алды, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол "Спартандық" дулыға киіп, темір дулығаны басынан шеше алмай қалған. Салдарынан құтқарушыларды шақыруға тура келді.

Саяхат шағын ауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға шешілмей жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Тұрғынның досы суретке түспек болып, басына темір дулыға киген, алайда оны шеше алмай қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматқа зиян келтірмей, дулығаны шеше алды, – делінген хабарламада.

Фото: inbusiness.kz
22 сәуір 2024 ж. 881 0