Толқын » Қоғам » Шымкентте жыланмен суретке түскен жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты
Шымкентте жыланмен суретке түскен жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты
Шымкентте 16 жастағы жасөспірім тауда жыланмен суретке түспек болып, ауруханадан бір-ақ шықты. Оны жылан шағып алған.
Зардап шеккен жасөспірімнің сөзінше, ол жыланмен суретке түсу үшін оны мойнына салыпты. Алайда осы кезде жылан қолын шағып алған. Жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Басылым мәліметінше, жаз маусымының басынан бері Гипербарикалық оттегілеу орталығының токсикология бөліміне 9 адам жеткізілген. Тұрғындар көбіне қарақұрттың құрбаны болатын көрінеді. Токсикологтар табиғат аясында немесе тауда демалғанда сақ болуға шақырады. Жабық аяқ киім киіп, жылан немесе басқа да улы жәндіктер шағып алған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгінуге кеңес береді.