Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданында үш балықшы құтқарылды (Видео)

Арал ауданында үш балықшы құтқарылды (Видео)

Арал ауданында жағаға жете алмай қалған үш балықшы құтқарылды.

Биылғы жылдың 8 қыркүйек күні сағат 20:50 минут шамасында Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекені Тастақ жағалауынан 800 метр шақырымда көлге балық аулауға шығып, қайығының ескегі сынған балықшылар жағаға жете алмай жатқандығы жөнінде 112 құтқару қызметіне хабарлама түсті.

«Аталған шақырту бойынша Қамыстыбас елді мекеніндегі Жедел құтқару жасағының құтқарушылар арнайы техникамен жетті. Тастақ көлінің жағадан 800 метр қашықтықта қайығының ескегі сынып қалған балықшыларды құтқарушылар жағаға шығарып, балықшыларды құтқарды Тоңып қалған 3 балықшыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, құтқарушылар Қамыстыбас елді мекеніндегі жедел құтқару жасағының станциясына жеткізді. Қазіргі таңда балықшылардың жағдайы жақсы», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Балықшылардың айтуынша, олар Қамбаш көліне балық аулауға шыққан. Жағадан ұзап кеткен балықшылардың ескегі сынып, кері қайта алмаған.

«Төтеншеліктер келіп құтқарды. Қазіргі күні демісіз сау, аманбыз. Бөлім қызметкерлеріне алғысымыз шексіз, өз ризашылығымызды білдіреміз», – деді балықшы.



kyzylorda-news.kz
09 қыркүйек 2022 ж. 459 0