Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қалың қарда қалған аңшылар құтқарылды

Қызылордада қалың қарда қалған аңшылар құтқарылды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында көліктері омбы қарға батып қалған аңшылар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Бірлік ауылы аумағындағы Қаратау беткейінде болды. 22 қарашада сағат 18.30 шамасында ауылдан алты адам тау жақта аң аулауға шыққан. Олардың қатарында 56, 35 жастағы екі азамат пен бірге 39 жастағы төрт жігіт болған. Қолайсыз ауа райы салдарынан қар қалың жауып, аталған азаматтар үйлеріне қайта алмай қалған.
«Ол жөніндегі хабар 23 қарашада сағат 20.55-те түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері 2 техникамен іздеу жұмыстарына кірісті. Жоғалған адамар сағат 6.03-те Бірлік ауылынан 48 шақырым жерде Қаратау беткейінен табылды. Олар мінген УАЗ автокөлігі қар құрсауынан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада қалың қар жауып, көлік қозғалысына шектеу қойылғаны хабарланды.
24 қаңтар 2021 ж. 553 0