Қызылордада 25 жастағы жігіт түн жарымда телемұнараға шығып алған

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түнгі сағат 00.23-те 25 жастағы жігіт Негодалов көшесіндегі телемұнараға көтеріліп, қайта түсе алмай тұрғаны жөнінде хабар түскен. Департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 техникамен, 5-інші өрт сөндіру бөлімшесінен 2 қызметкер 1 автосатымен оқиға орнына дереу жеткен.
«Телемұнараға үш құтқарушы шықты. Мамандар жігітті 116 метр биіктен төмен түсірді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен.
syrboyi.kz