Қызылордада дарияның ортасында қалып қойған балалар құтқарылды

23 тамыз күні қаладағы «Сыр Ана» монументі тұсында Сырдария өзенінің ортасындағы аралда 13 және 14 жастағы балалар қалып қойған. Оқиға орнына Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы техникаларымен жетті.
Құтқарушылар аралда қалып қойған 2 балаға қайықпен жеткен. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері балаларды жағаға әкеліп, полиция және жедел жәрдем қызметі мамандарына тапсырған.