Қапшағайдағы түрме тұтқындары қарауылдағы сарбазға шабуылдаған

Ескертпені елемеген тұтқындар сол сәтте Ұлттық ұланның сарбазын жаралаған. Түрлі дене жарақаттарын алған сарбаз жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
Ал оқиға орнына келіп жеткен арнайы жасақ күш қолдану арқылы тәртіпке бағынбаған тұтқындарды ұстап, арнайы изоляторларға қамаған.Қысқаша ғана ақпарат тартқан Ішкі істер министрлігінің өкілі оқиғаның өзге эпизодтары тергеуге байланысты жарияланбайтынын мәлімдеді.