Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырға заңсыз кірмек болған Франция азаматы көз жұмды

Байқоңырға заңсыз кірмек болған Франция азаматы көз жұмды

Францияның екі азаматы Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағының аумағына заңсыз кіруге тырысқан. Жолда аптап ыстықтан олардың бірінің жағдайы күрт нашарлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі шетелдік «Буран» ғарыш кемесін көргісі келген.

«Бір күн бұрын Францияның екі азаматы ғарыш айлағының аумағына заңсыз кіруге тырысты. Олар көздеген нысандарына жол арқылы жетуге бел буған. Алайда жолда біреуінің жағдайы күрт нашарлады», делінген жазбаларда.

Екінші азамат досына көмек шақыру үшін жолға қарай жүгірген. Алайда бұл кезде оның досы мерт болған.

Деректерге сүйенсек, оқиға болған күні Байқоңырда ауа температурасы +36 градус болған.

Сурет: egemen.kz
12 маусым 2024 ж. 1 202 0