Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды

Оқиға 13 тамызда Шиелі ауданы аумағындағы «Шымкент-Самара» тас жолының Сұлутөбе аулының тұсында болған. Екі автокөліктің соқтығысуынан болған жол апатында бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Қызылорда облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: kaz.inform.kz