Аралда көлік апатынан 4 адам қайтыс болды

Алдын ала мәліметтер бойынша, “Mercedes-Benz” автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, бір адам жарақат алды.
ЖКО бойынша толық деректер анықталуда.
Аталған дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 345 б. 4 б. тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
"Толқын" ақпарат