Қызылорда облысында қылмыстық топтан 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биыл Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері 2022-2023 жылдар аралығында Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады.
Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.
Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамалды.
«Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде»,-делінген хабарламада.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz