Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Колонияға сүйек майына жасырылған есірткі заттарын өткізбекші болған

Колонияға сүйек майына жасырылған есірткі заттарын өткізбекші болған

Қызылорда колониясына сүйек майына жасырылған есірткі заттарын өткізбекші болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №60 (қауіпсіздігі аралас) мекемесіндегі сотталғанға әйел адам есірткіні сүйекке жасырып беруге тырысқан. Азық-түлік салынған сөмкені мекемеге сотталған адамның танысы алып келген. Тексеру барысында арнайы құрылғы арқылы азық-түліктің ішіндегі заттардың күмәнді түсі байқалған. Сүйекті ашып тексерген кезде, тексеру тобының қызметкерлері оның ішінен түйіншектерді тапқан. Жедел-тергеу тобы шақырылып, табылған зат сараптамаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 129,9 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Сотталғандармен және олардың туыстарымен көптеген ескертулер мен түсіндірме жұмысы жүргізілгеніне қарамастан, колонияға тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет ету әлі де орын алуда. Аталған жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп мәлімдеді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Зиябеков.

Айта кету керек, сәлемдеме жіберілген сотталған адам қарақшылық үшін жазасын өтеп жатыр.

Ақпарат көзі: baq.kz
Сурет: baq.kz
30 қазан 2024 ж. 74 0