Адасып қалған балықшылар аман табылды
ТЖМ құтқарушылары адасып қалған балықшыларды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түнде 112 пультіне Ұлытау облысында екі адам Сарысу көлінде балық аулауға барғаны және байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Келген ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жүзіп кетіп, адасып кеткен 1960 және 1968 жылдары туған ер адамдарды тапты. Олар зардап шеккен жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысының диспетчерлік пультіне 7 адамның, оның ішінде 3 баланың жеңіл автокөлікпен Ырғыз ауданының Нұра ауылынан жолға шығып, жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен еді. Жеті адам құтқарылды.
Сурет: ашық дереккөзден алынды