Шерзаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын - прокуратура
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу қашан аяқталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, Шерзат Болаттың өліміне қатысты соталды тергеу аяқталу сатысында тұр, тергеу жүргізілген, барлық күдікті ұсталған.
"Қазір сараптама нәтижелері шыққанын күтіп отырмыз, содан кейін процеске қатысушыларға танысу үшін беріледі. Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеуге және Нұрғанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында. Жұртшылықты жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", - деп жазылған Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.
Сурет: kaz.tengrinews.kz