Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өгей баласын анасының көзінше ұрып өлтірген

Өгей баласын анасының көзінше ұрып өлтірген

Жантүршігерлік қылмыс Ресейдің Калининград облысында орын алған. Өгей әкесі баланы сабап өлтіріп, артынша оны жоғалды деп хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.

2 ақпан күні 7 жастағы Данилдің анасы, полицияға ұлының жоғалғаны туралы ақпарат берген. Айтуынша, ата-анасы балаға қатты ұрсып, тәртібінің нашарлығы себепті балалар үйіне өткізіп жібереміз деп қорқытқан. Сөйтіп бала көшеге шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен.

Бір тәулік бойы полицейлер, еріктілер және Данилдің ата-анасы да баланы іздеген.

Алайда тергеу кезінде анасы шындықты жасырып қала алмады. Өгей әкесінің баланы көзінше ұрып өлтіргенін полицейлерге жайып салған. Зерттеу нәтижесінде, ата-ананың бұрындары да балаға қол көтергендігі анықталды. Бірақ бұл жолы оқиға өліммен аяқталған.

Ер азамат тұтқынға алынды. Жасаған қылмысын толық мойындады.

Ата-анасы баланың денесін кірпіш толтырылған қапшыққа салып, үйінің жанындағы су қоймасына лақтырып жіберген.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
04 ақпан 2025 ж. 57 0