Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 120-дан астам киікті атқандар ұсталды

Қызылордада 120-дан астам киікті атқандар ұсталды

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 6 наурыз күні күдік туғызған «Volkswagen Crafter» көлігін тоқтатып, тексерген кезде ішінде киікке ұқсас 39 жануар ұшасы болған.
Қызылордада 120-дан астам киікті атқандар ұсталды

— Оған қоса, хабарламаға сәйкес тұрғын үйді тексеру барысында тағы осындай 84 жануардың ұшасы, 14 бас бөлігі, 6 терісі табылды. Күдікті ретінде облыстың 3 тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Тоқтыбаев.

Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, сараптамалар тағайындалды. Қылмыстың мән-жайы соның нәтижесінде белнілі болады.

Еске салайық, осыған дейін Қызылорда облысында браконьерден 14 қап киік еті тәркіленген еді.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: Қызылорда облысы ПД
10 наурыз 2025 ж. 39 0