Қызылордада аккумулятор ұрлығымен айналысқан жігіт ұсталды

Қызылордада аккумулятор ұрлығымен айналысқан 19 жастағы жігіт ұсталды.
Қызылорда қаласы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреу үйінің ауласына заңсыз кіріп, есігі ашық тұрған көлігінің ішінен аккумулятор ұрлап кеткенін хабарлады. Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен облыс орталығының 19 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдікті ұрлаған затты сатып, ақшасын бас пайдасына жаратқан.
Тексеру барысында күдіктінің басқа да осы тектес қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол 1 ай бойы қала орталығында есігі құлттанбаған және дабыл жүйесі онатылмаған көліктерден магнитофон, аккумулятор және тағы да басқа құнды заттарды ұрлап келген, - делінген хабарламада.
Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Фото: turkystan.kz.