Қызылордада велосипед теуіп жүріп тосын жайтқа тап болған бала құтқарылды

112 желісіне бес жастағы баланың анасы қоңырау шалып, бала велосипед теуіп жүргенде, оның саусағы шынжыр мен жұлдыздың арасында қысылып қалғанын айтқан.
"Бала саусағын өз бетінше шығара алмаған. Анасы да балаға көмектесе алмаған. Бірнеше минуттан кейін жеткен ТЖМ құтқарушылары екеуін де тыныштандырып, бензорездің көмегімен шынжырды кесіп, баланың саусағын босатты", - деп жазылған хабарламада.
Балаға медициналық көмек қажет болмаған.
Фото: massaget.kz