Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 4 жасар баланың басы қоршауға қысылып қалды

Қызылорда облысында 4 жасар баланың басы қоршауға қысылып қалды

4 жасар баланың басы баспалдақтың темір қоршауында тұрып қалған.
Қызылорда облысында 4 жасар баланың басы қоршауға қысылып қалды

Қызылорда облысында ТЖМ құтқарушылары төтенше жағдайда көмекке келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін 112 пультіне Қызылорда қаласы Арай шағынауданының тұрғыны 4 жасар баласының басы баспалдақтың темір қоршауында тұрып қалғаны туралы хабарлады.

Құтқарушылар оқиға орнына дереу барып, гидравликалық құралмен темірді кесіп, баланың басын босатты.

Аман қалған баланың ата-анасы құтқарушыларға алғыс білдірді.

Ақпарат көзі: aikyn.kz
Сурет: aikyn.kz
05 желтоқсан 2024 ж. 53 0