Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада полицейлер жоғалған жасөспірімдерді іздеп тапты

Қызылордада полицейлер жоғалған жасөспірімдерді іздеп тапты

Kyzylorda-news.kz Қызылордада полицейлер жоғалған жасөспірімдерді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қала тұрғыны үй ауласында ойнап жүрген балаларын таппай, полицияға арызданды.

Хабарлама бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамына бағыт-бағдар беріліп, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жасөспірімдерді қала ішінен тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.

Анықталғандай, жасөспірімдер ойынға беріліп, үйінен ұзап кеткен. Қала тұрғыны жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Хабарлама алған бойда полицейлер дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Балаларымды тауып берген қызметкерлерге шын жүректен алғысымды білдіремін, – дейді жасөспірімдердің анасы.

Полиция тұрғындардан балаларды назардан тыс қалдырмауды, оларды әрқашан бақылауды сұрайды.

Фото: Polisia.kz
12 маусым 2025 ж. 41 0