Қапшағайда депутаттың көз алдында жас қыз суға батып кетті

Қайғылы жағдай кезінде жағажайда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек те болған. Айтуынша, қызды судан куәгерлер алып шыққан.
– Жағалауда қауіпсіздікке жауапты ешкім болмады. Құтқарушылар, бейнебақылау камералары, құтқару құралдары, медициналық қызметкер жоқ. Су қоймасының жағасы жеке кәсіпкерлерге берілген. Қызды судан куәгерлер алып шығып, алғашқы көмек көрсетуге тырысты, – дейді ол.
Депутат жағажайлардың кімге тиесілі екенін анықтап, заң талаптарын бұзғандарды жауапқа тарту үшін тексеріс жүргізуді талап ететінін жеткізді.
Полиция департаменті қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
– Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер құтқару техникасының және кезекші құтқарушылардың бар-жоғын, демалыс аймағының белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтайды, – делінген хабарламада.
Фото: ШҚО ТЖД