Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтанда автобус үш көлікпен соқтығысты

Нұр-Сұлтанда автобус үш көлікпен соқтығысты

Жол апаты кеше таңертең Гете мен Біржан сал көшелерінің қиылысында болған
НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Елордада жолаушылар автобусы үш автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол апаты 1 мамыр күні сағат 10:02-де Гете мен Біржан сал көшелерінің қиылысында болған.
№12 бағыттағы автобус аялдамадан шыға бергенде басқа №12 автобуспен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар көлігінің газ басқышы істен шығыпты.

Кейін №12 автобусы одан әрі жүріп, тұрақта тұрған үш көлікпен соқтығысқан. Салдарынан "Hyundai" маркалы шағын автобусқа, "Hyundai Н1" автокөлігі мен "ГАЗ 322132" шағын автобусына зақым келді.
"Hyundai" шағын автобусының жолаушысы "бастың жұмсақ тіндерінің жарақаты" диагнозымен ауруханаға жеткізілді.
Қазір бұл факті бойынша тексеріс жүріп жатыр.
https://sputniknews.kz​​​

02 мамыр 2019 ж. 880 0