Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер бензин ішіп қойған 3 жасар қыздың өмірі үшін екі күн бойы күресті

Дәрігерлер бензин ішіп қойған 3 жасар қыздың өмірі үшін екі күн бойы күресті

Нәресте үшінші күні жан сақтау бөлімшесінен палатаға ауыстырылды.Шымкенттік дәрігерлер бензин ішіп қойған 3 жасар қызды аман алып қалды,деп хабарлайды Zakon.kz Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, нәресте токсиндік сұйықтықты абайсызда ішіп қойған. Содан кейін оны ауыр халде жергілікті жедел жәрдем ауруханасына жеткізген. Мамандар сәбидің ішкі органдарының зақымданғанын анықтап, оны шұғыл түрде Шымкенттің Гипербариялық оттектеу орталығына ауыстыру туралы шешім қабылданады.
- Бензин ішіп қойып, ішкі органдары қатты күйіп қалған 3 жасар сәбиді дереу аурухананың жан сақтау бөлімшесіне жатқызып, оның асқазаны назогастральді зондтың көмегі арқылы тазаланды. Жан сақтау бөлімшесіне жатқызылған нәрестені құтқарып қалу мақсатында дәрігерлер оның өмірі үшін екі күн бойы күресті. Жүргізілген реанимациялық шаралардың нәтижесінде үш жастағы қыздың денсаулығы жақсарып, ол үшінші күні жан сақтау бөлімшесінен палатаға ауыстырылды, - деді басқарма өкілдері.
kaz.zakon.kz

08 мамыр 2019 ж. 964 0