Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылдар бойы перзент күткен шымкенттік әйел жүкті екенін естігенде ауруханадан қашып кеткен

Жылдар бойы перзент күткен шымкенттік әйел жүкті екенін естігенде ауруханадан қашып кеткен

Медициналық тексеруге анасын алып келген 32 жастағы келіншек жүкті екендігін білгенде емханадан қашып кеткен. Түркістан облысы Ленгір қаласының 32 жастағы тұрғынына дәрігерлер аяғының ауыр екендігін анықтап берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарт анасының бүйрегін тексертуге келген келіншек талай жылдан бері бір перзентке зар боп жүрген екен.
Арманы аяқ астынан орындалғанын естігенде келіншек есеңгіреп қалған.
"Ашық есік күні" шарасын пайдаланып анасының денсаулық ахуалын білмек болған келіншекті де ақ халаттылар тексеруден өткізеді.

"Тексеру қорытындысы бойынша аяғының ауыр екендігін естіген келіншек емханадан қаша жөнелді. Сөйтсек, бұл оның талай жыл күткен тілегі екен", - дейді Ленгір қаласының дәрігерлері.Алайда араға аз уақыт салып емханаға оралған.  Әйелдің жақындары оның жылдар бойы аңсаған арманының орындалғанын жеткізген.

"Ақпан айының 20 - нан бастап Түркістан облысының барлық аудандық емханаларында көпбалалы аналар үшін "Ашық есік" күндері өтуде. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен қолға алынды. Дәрігерлер көпбалалы аналарды ақысыз медициналық тексеруден өтіп, медициналық сараптамалардан өтуге шақырады. Осындай сүйінші жаңалыққа сіз де кенелуіңіз ғажап емес", - дейді дәрігерлер.
kaz.nur.kz
02 наурыз 2019 ж. 1 528 0