"Мама, сен мені жалғыз қалдырдың": Анна Данченконың анасы қайтыс болды
Қазақстандық журналист Анна Данченко анасының өмірден өткенін хабарлады. Қаралы хабарды ол Instagram парақшасында бөлісіп, анасымен қоштасқан жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Журналист анасының қазасын ауыр қабылдап, үйдің де, өмірінің де онсыз бос қалғанын жеткізді.
"Мамаааааа… Сен жай ғана ұйықтап жатырсың, иә? Мамааа! Сен мені жалғыз қалдырып кеттің. Жалғыз… Бұл пәтерде сенсіз қараңғы екен", – деп жазды Анна Данченко.
Ол анасының әкесін қатты сағынғанын да еске алып, енді өзін қалай жалғыз қалдырғанын айтып күйзелді.
"Білемін, сен әкемді қатты сағындың, ал мені ше? Жанымаууу, Мама, неге? Маған ауыр тиді, Мамааааааа!" – деп жазды журналист.
Анна Данченко бұған дейін де анасының денсаулығына алаңдап, оның ауыр халде жатқанын айтқан еді. Енді журналист ең жақын адамынан айырылғанын көпшілікке жеткізді.
kznews.kz










