"Менде қас жоқ": Анна Данченко сырт келбетіне қатысты құпиясымен бөлісті

Тележүргізуші қасын толығымен жұлып тастап, артынша өзі бояп алған. Қастың орнына сурет салып мектепке барған ол анасының бұл қылығына қалай қарағанын айтып берді. Оған қоса, Анна Данченко осылай қассыз жүру сәнде деп анасына бой бермей қойған көрінеді.
"Не в тему қасы жоқ қыз болып қалай сабаққа барам дегенде, анамның косметичкасынан қара қарандаш тауып алдым да, смело екі қас сызып алдым. Ой, мені бір қатырған суретші дейсіз бе, екеуі екі жаққа ұшып бара жатқан қарғадай. Дені дұрыс қарға болса ғой, бір жөн. Жарайды, өшіріп-сызып, өшіріп-сызып бір нәрсе қып қас жасап алдым. Жұмыстан келген анамда шок. "Мынауы несі? Шашың сары! Қасың қара сызық? Әкең көріп шошып кетпесін, бар сүртіп таста!" деді. Мен "Мам, қазір сәнде" деп қоймаймын. "Сен қыздың қасын емес, шашын жұлу керек" деді", - деп жазды тележүргізуші.
Кейін қасын өсіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған тележүргізуші ештеңенің көмектеспегенін айтып берді. Қазір де қасын сән салонында сурет қылып салдырып жүрген ару жарты қас болып қалғанын жасырмады.
"Содан, анау қас енді өспейді ғой, не істемедім?! Шемішке майды да, пияздың суын да сіңдіріп жақтым. Болмады. Солай жарты қас болып қалдым. Қазір бояулар бар, оған да шүкір, қасым ілмейіп қалған қарғадай болмаса болар. Не ғой, қыздар! Өздеріңізді әдемі қыламыз деп құртып алмаңыздаршы! Әйтпесе кейін кеш болады да", - дейді Анна Данченко.