Қазба жұмыстары кезіндегі тосын құбылыс
Кешегі ата-бабаларымыз жүріп өткен жолдың бәрі қазір тарих қатпарында қалған. Өткен күннің белгісін елдің назарына ұсынатын тарихшылар археология ғылымына сүйенеді.
Археологиялық қазба бірнеше жылдан бері біздің өңірімізде де жүріп жатыр. Жазда Төртүйге қарасты Қаражар ауылында қазба жұмыстары жүргізіліп, онда болашақ тарихшы Дәнекер барған. Курсындағы студенттермен бірге көлікке тиелген олар Қаражарға жеткенде күн шайдай ашық екен. Бірақ қазба жұмысын бастаған күннен бері аспан бұлттанып, бұлыңғыр тартады.
«Неге екенін білмеймін, осында қазба жұмысына келгенде үнемі күн бұлттанып, тіпті жаңбыр жауа бастайды»,-дейді топ жетекшілерінің бірі. Бұл сәйкестік пе, әлде бейіт қазғандарға аруақтың наразылық білдіргені ме екен ой келеді.
Жастардың жүрген жері шулы, әрі көңілді. Қатты шулап кеткенде «бейіт басында жүрміз, ақырындау сөйлейік» деп, өздерін сабырға шақырып қояды. Осындай сәттің бірінде Дәнекер жетекшілердің біріне «Ағай, мына жерге ауылдың бейіті тым жақын орналасқан екен. Мұсылманбыз ғой. Құран оқып жіберсек қайтеді?!» десе, ол «Мен құдай-аруаққа сенбеймін. Атеистпін», — деп бұрылып әрірек барып тұрады.
Жұмыс әрі қарай жалғасты. Әлден уақытта көкті тілгілеп жасын ойнай бастайды. Бір кезде найзағай шатырлап, жүз қадамдай жерде тұрған жалғыз ағашқа түсіп, қақ айырады. Кенеттен болған құбылыстан қорқып қалған қыз-жігіттер үрейленіп, үрпиісіп қалды. Ауылда өскен балалар «Бейіттің жанына барайық. Ол жер бізге пана болады»,-деп басқаларына жөн көрсетті. Сөйтіп көлік келгенше ықтай тұру үшін бейітке жақындады. Әсіресе, бағанағы «атеист» жетекшінің көзі алақандай боп, шошып қалыпты. Дәрменнің жанына келе сап: «Құран оқып жіберші»,-дейді өзі. Мұны естіген жастар жаңа ғана өздерінің қорыққандарын ұмытып, ал кеп күлсін. «Найзағай ағайды тәубесіне келтірді» десіп мәз болды. Бұдан соң тізе бүгіп, аруақтарға құран бағыштады. Бұған дейін күн де ашыла бастаған еді.
alashainasy.kz