Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда тепловоз рельстен шығып кетті

Аралда тепловоз рельстен шығып кетті

Кеше 20.45 минут шамасында Арал қаласының теміржол вокзалының кіре беріс маңында Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде орналасқан «Аралтұз» АҚ-нан тұз тиелген 10 вагонды жүк пойызының тепловозы мен одан кейінгі 2 вагоны жолдан шығып кеткен.Аудан әкімі баспасөз қызметінің дерегінше шұғыл кезек күттірмейтін шаралар қабылданып, Сексеуіл кентінен қайта қалыпына келтіру пойызы оқиға орнына жеткен. Қазіргі уақытта орын алған жағдайға байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде.
«Оқиға салдарынан зардап шеккендер, адам шығыны жоқ. Сондай-ақ, теміржол пойызының жол жүру кестесіне кедергілер келмеген. Жағдай толық бақылауда», - делінген хабарламада.
31 шілде 2019 ж. 1 420 0