Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

22 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

1832 жылы Ақмола сыртқы округі мен Ақмола дуаны құрылды. Округтің орталығы Есіл өзенінің жағалауындағы Қараөткел шатқалында орналасқан Ақмола бекінісі (1845 жылдан бастап Ақмола станицасы) болды.
1909 жылы Уфа қаласында ақын Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы басылып шықты.
2009 жылы Мәскеуде, Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің резиденциясында белгілі журналист, «ҚазАқпарат» агенттігінің меншікті тілшісі Сара Нұрғалиеваның «Теңдік белгісі» кітабы таныстырылды. Деректі повесть қазақстандық ғарышкер, Ресей Батыры және Қазақстанның Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевқа арналған. Басылымның алғашқы таралымы 5 мың дана болды. Кітап жоғары және орта оқу орындарына, кітапханалар мен мұражайларға таратылды.
2011 жылы ҚР Ұлттық банкі «Әл-Фараби» (алтын) және «Алдар-Көсе» (күміс) естелік монеталарын айналымға шығарды.
2012 жылы жиырма бес жастағы қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаев Буэнос-Айресте Халықаралық байқаудың бірінші жүлдесін иеленді.
2014 жылы Алматыда КСРО халық әртісі, опералық әнші Ермек Серкебаевтың мемориалдық тақтасы ашылды.
2015 жылы Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция болды. Онда Қазақстан мен Түркияның екіжақты қарым-қатынастары тарихына, Қазақстандағы айтулы оқиғаларға арналған фотокөрме ұйымдастырылды.
2015 жылы ШҚО Қатонқарағай ауданы Қарақаба жазығында Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырған «Алтай - алтын бесігім» атты алғашқы халықаралық археологиялық экспедиция аяқталды.
2016 жылы Белградта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың «Жамбыл. Ұлы дала ақыны» атты кітабы серб тілінде жарық көрді.
2017 жылы Арал маңындағы Қорқыт ата ескерткіш кешенінен қобыздың мүсіні табылды. Ғалымдар 40 сантиметр келетін тас мүсінді оғыздар дәуіріне жатқызды. Ол ІХ-Х ғасырларда портты қала Сортөбе орналасқан жерде жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде табылды.
2017 жылы «Атаулы күндер» сериясымен «Алтын сарбаз» Қазақстан Республикасының алғашқы пошта маркасына 25 жыл» тақырыбындағы пошта маркалары айналымға шығарылды.
Пошта маркасында 1969 жылы Алматы маңындағы Есік қорғанында қазба жұмыстарын жүргізу кезінде табылған сақ жауынгері бейнеленген. Ғалымдар бұл қабірдің біздің дәуірімізге дейінгі V-VI ғасырларға жататынын айтады.
2017 жылы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Канаданың үздік мәнерлеп сырғанаушылары қатысқан клубтық турнирде ең үздік нәтиже көрсетті. Лиза Toronto CS&CC клубының намысын қорғады.
https://www.inform.kz/kz/22-tamyz-kazakparat-kuntizbesi_a3556760
22 тамыз 2019 ж. 1 131 0