Компьютер және қалта телефонына бағыныштылықтан қалай арылса болады?

Компьютерге бағыныштылық дегеніміз не?
Ол өмірдегі қызықты сәттерден алшақтап, кітап пен ойындарға зауқы соқпай, виртуалды әлемді іздеп тұру. Балалардың бұдан психологиялары бұзылып, теріс әсер ете бастайды. Ал оның түрлері:
Ойын.
Бала ойын ойнаймын деп сабақ кестесін, достарымен ойнауды, тіпті тамақ ішуді де ұмыт қалдырады.
Әлеуметтік желі.
Баланың әлеуметтік желідегі түрлі чат, форумдарда жиі отыруы. Өмірде тілдесудің орнына ғаламтордағы сұхбатқа құмартуы.
Ғаламтор парақшалары.
Бұл бір парақшадан бір парақшаға кіріп, түрлі пайдасыз ақпараттар мен қауіпті әрекеттерге тап болуы. Бұл баланың дүниетанымы мен психологиясына теріс ықпал етеді.
Бағыныштылықтың белгілері:
- Сәби бұрыңғы әуес істеріне зауқы соқпайды
- Құрдастары мен туысқандарымен сөйлесуге құмартпайды
- Қойылған шектеулерге қарамастан ғаламтордан шықпайды
- Тым тұйық, ашуланшақ болып, жиі қабақ түйетінді шығарады
- Шын өмірдегі достарына қарағанды виртуалды достары жиілейді
- Ата анасына ғаламторда немен айналысатынын айтудан қашады
Қалай күресу керек?
Балаңыздың компьютердің алдында отыруын қадағалап, уақытына шектеу қойыңыз.
Оның ғаламтордан нені іздейтінін аңғарыңыз
Компьютерден тәрбие көреді деп ойламаңыз, одан да теледидардан бағдарламалар мен мультфильм қосып берсеңіз әлдеқайда жақсы.
Балаңызбен жиі уақыт өткізуге тырысыңыз. Таза ауаға шығып, пайдалы дүниелермен айналысыңыздар.
Ал бұл кеңестер де көмектеспей жатса, маманнан кеңес алу керек.