Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне алғыс айтты

Тоқаев Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне алғыс айтты

BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне алғыс айтты. Бұл туралы Президент өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

Пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министр @NarendraModi мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Осы көмек Үндістан шетелге дәрі экспорттауды тоқтатқан кезде жіберіліп отыр. Бұл нағыз достық пен ниеттестіктің белгісі деп санаймын - деп жазды Тоқаев.
https://baq.kz/​​​

19 сәуір 2020 ж. 646 0