Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қараусыз қалдырмаймыз": президент кімдердің өтініші ескерілетінін айтты

"Қараусыз қалдырмаймыз": президент кімдердің өтініші ескерілетінін айтты

Мемлекет басшысы өз сөзінде денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы қайта қалыптастырылып жатқанына тоқталдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында салынған модульді жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен сөйлесті. Әңгіме барысында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін реформалау мәселесіне тоқталды, деп жазады sputniknews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Әрбір дағдарыстың өз сабағы болады. Оны ескеру керек. Біз қазіргі дағдарыс пен пандемиядан сабақ алып жатырмыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін дамытуға және оны қолдауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінбеді. Әрине, оның белгілі бір себептері бар", - деді президент.
Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы қайта қалыптастырылып жатқанын айтты. 
"Қажетті реформалар жүргізілетін болады. Атап айтқанда, бас санитар дәрігердің өкілеттігі күшейтіледі",- деді мемлекет басшысы.
Әңгіме барысында медицина қызметкерлері мемлекет пен президентке алғыс айтты. Сондай-ақ, дәрігер-инфекционистердің еңбек ақысын арттыру мәселесін көтерді.
"Біз қазір бюджеттің барлық қаражатын шоғырландырып жатырмыз. Сіздер Қазақстанның осыған дейін қалыптасқан дәстүрлі нарығының құлдырағанын түсінуге тиіссіздер. Бюджетке түсуге тиісті қаржының негізгі бөлігін толық ала алмай отырмыз. Дегенмен осындай күрделі қаржылық қиындықтарға қарамастан, сіздердің өтініштеріңізді қараусыз қалдырмаймыз",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.





24 сәуір 2020 ж. 744 0