Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар "оралман" сөзінен бас тартты

Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар "оралман" сөзінен бас тартты

baq.kz Бүгін Сенаттың жалпы отырысында қандастардың азаматтық алуын жеңілдететін заңды қабылдады.

"Қазақстан Республикасының көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" екі оқылымда қаралып мақұлданды.
Заң жобасы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын және оны Іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында әзірленген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында заң жобасында "оралман" сөзін "қандас" сөзіне ауыстыру бөлігінде түзетулер енгізілген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес этникалық қазақтар "оралман" мәртебесін алу үшін Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін шет мемлекеттің аумағында тұру фактісін растауы қажет. Іс жүзінде, 1991 жылдан кейін туған этникалық қазақтар мұндай құжаттарды бере алмайды. Осыған байланысты, "оралман" мәртебесін алу үшін бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмауы негізгі критерий ретінде енгізіледі, - дейді Біржан Нұрымбетов.
Сонымен қатар, қандастарға қолайлы жағдай жасау үшін, сондай-ақ өткізілетін құжаттардың тізбесі қайталануына байланысты, өзі ниет білдірген өтініш берушінің тұрақты тұруға рұқсатты және Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттарды бір мезгілде беру мүмкіндігі көзделген.
Ал  көші-қон процестерінің құқықтық базасын кеңейту және заңсыз көші-қонға жол бермеу мақсатында тиісті қадамдар ескерілген.
Біріншіден, шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттаманың күшін басқа әкімшілік-аумақтық бірліктерге тарату көзделеді. Бұл ретте жұмыс беруші рұқсаттамада көрсетілген әрбір өңірдің бюджетіне салық алымын төлеуге, сондай-ақ тиісті өңірлерде жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету туралы шарты болуы тиіс. Одан бөлек, еңбек мигранттарын "маусымдық жұмысшыларға" теңестіру ұсынылып отыр. Шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру үшін 4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын енгізу қаралған, - деді министр.
30 сәуір 2020 ж. 725 0