Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты

ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты

Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның парламенттік өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

"4 мамырда Ортсайлаукомның отырысы болып, онда парламент сенатының депутаты Д.Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды", - делінген комиссияның сайтында.
"Назарбаева Д.Н.  Қазақстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 315 жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағының, "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңының 24-бабының 5 және 9-тармақтарына сәйкес Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының өкілеттігі тоқтатылды".
04 мамыр 2020 ж. 538 0