Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутат Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Мәжіліс депутат Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалған Анар Жайылғанованың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды,

Мәжілістің жалпы отырысында сөз алған орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов заңнамаға сүйеніп, мәселе көтерді. 
"ҚР орталық сайлау комиссиясы ҚР конституциясының 52-бабына, ҚР парламенті және оның депутаттары туралы мәртебесі туралы конституциялық заңы 24-бабының 2, 3, 8-тармақтарына сәйкес, ҚР президентінің Жайылғанованы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы 2019 жылғы 14 маусымдағы №16 жарлығы негізінде мәжіліс депутаты Анар Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіліп отыр", - деп айтты Мелдешов. 
Депутаттар бірауыздан дауыс беріп, әріптестерін жаңа қызметте сәттілік тілеп шығарып салды.
"Парламенттегі жұмыстарыңыз үшін барлық депутат атынан алғыс айтамын. Барша әріптестеріміз сізді өте білікті заңгер, тәжірибелі маман ретінде жақсы біледі. Мәжілісте заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болдыңыз. Енді мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалдыңыз. Барлық депутаттың атынан жаңа жұмыста үлкен табыс тілейміз", - деді Мәжіліс төрағасы. 
Нығматулин әріптесіне депутаттар атынан алғыс хат табыс табыстады. Содан кейін жаңа қызметке тағайындалған экс-депутат сөз алды.
«Біріншіден, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде сіздермен бірге жұмыс істегенім үшін Елбасыға шексіз алғыс білдіремін. Екіншіден, Нұрлан Зайруллаұлы, сізге үлкен көп рахмет. Сіздің басшылығыңыздың арқасында кереметтей заңдар қабылданып, іске асырылуда. Тәжірибеңіз бен мектебіңіз үшін ерекше алғыс айтамын. Үлкен аға буынға тәжірибелеріңізбен алмасқандарыңыз үшін, үйреткендеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді», - деді ол.
http://stan.kz
19 маусым 2019 ж. 702 0