Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады

Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясы кезіндегі ықпалдастықты екіжақты форматта, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар биылғы қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын қарастырды. Мемлекет басшысы аталған іс-шараның сапалы әрі мазмұнды болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.
Сонымен қатар кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовке бірқатар тапсырма берген болатын.