Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР БҒМ ТӨРТ БАҒЫТ БОЙЫНША ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ҚАДАМДЫҚ КЕСТЕСІН ІСКЕ АСЫРУДА

ҚР БҒМ ТӨРТ БАҒЫТ БОЙЫНША ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ҚАДАМДЫҚ КЕСТЕСІН ІСКЕ АСЫРУДА

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім беру саласын цифрландыру туралы баяндады.
  Ерлан Сағадиевтің айтуынша, министрлік білім беру жүйесі мен ғылымды цифрландыруды әрі қарай дамытудың жаңа бағыттарын белгіледі.
  Біріншіден, бұл барлық сервистердің қағаз құжаттарына және ақпаратқа қолжетімділігі және мобильдігі. Яғни кез келген оқушы, мұғалім, ата-ана немесе мектеп директоры өз смартфондары арқылы өздеріне қажетті ақпаратты ала алуы керек. Бұл оқушыға өз бағаларын, үй тапсырмаларын көріп, оқулықтарды, әлемнің цифрлық білім беру ресурстарын көруіне мүмкіндік береді.
  Екіншіден, цифрландыру — ашықтық пен әділеттілік. Балабақша кезегінен бастап, аттестат немесе диплом алуға дейінгі барлық қажетті ақпарат қолжетімді болуы керек.
  Үшіншіден, әрбір оқушы немесе мұғалімге кез келген уақытта смартфоннан немесе компьютерден мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқулықтарға, үздік әлемдік және қазақстандық лекцияларға, интерактивті сабақтарға еркін қол жеткізуге мүмкіндік беріледі.
  Төртіншіден, министрлік үшін барлық деректерді бір дерекқорға біріктіру, Big Data технологияларын енгізу, онлайн-талдаулар жүргізу өте маңызды, бұл барлық жағдайларды бір ситуациялық орталықтан басқаруға мүмкіндік береді.
   Қазіргі кезде ҚР БҒМ осы төрт бағыт бойынша цифрлық технологияларды енгізу бойынша кезең-кезеңдік жұмыс кестесін әзірлеп, оны іске асыруда.
  Сондай-ақ, білім беру жүйесін цифрландыру аясында іске асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев баяндады.

https://primeminister.kz/kz

11 сәуір 2018 ж. 1 048 0