Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Қазақстан Президенті 2021 жылғы 6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр. Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды, - деп жазды ол.

baq.kz​​​
05 тамыз 2021 ж. 1 949 0