Қарапайым дәрігер президент болып сайланды

Швейцария парламентінің шешімімен 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кассис қазіргі басшы Пармелинді ауыстырады.
Кассис – білімі бойынша дәрігер. Кезінде ол Швейцария Ұлттық кеңесінің мүшесі және елдің Медициналық қауымдастығының вице-президенті болған. 2017 жылы Сыртқы істер министрлігінің басшысы қызметін атқарды. Неміс, француз және итальян тілдерін еркін меңгерген.