Қасым-Жомарт Тоқаев: Менің Nur Otan басшылығында қалуым туралы мәселені қайта қарауымыз мүмкін

«Бұл ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету», – деген Президент бұл жайт оның кез келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақ болу керектігін меңзейтінін ескертті.
«Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін, осы жылдың соңына қарай, менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта оралуымыз мүмкін», – деді Мемлекет басшысы.
kyzylorda-news.kz